«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен корпорацияның басқарма төрайымы қызметіне Гүлназ Атамқұлова тағайындалды.
Корпорацияның жаңа басшысын таныстыру барысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов қаржылық институттарда және «ҚазАгро» холдингі құрылымдарындағы тәжірибесі арқылы Гүлназ Төреханқызы корпорацияның қызметіндегі тиімділікті арттыруға қауқарлы екенін атап өтті.
Бұған дейін Гүлназ Атамқұлова «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрайымы міндетін атқарған еді. 2007 жылдан 2012 жыл аралығында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрайымы қызметтерінде болды.