«Ядролық қарусыз әлем құру» деп аталатын ауқымды халықаралық конференцияға қатысқаныңыз үшін сізге ризашылығымызды білдіреміз. Әрине, тамаша сөз сөйлеп, бірқатар өзекті ұсыныс жасадыңыз. Бұл ұсыныстарыңыз біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемді ядролық қарудан азат ету бастамаларымен ұштасып жатыр», - деді Мемлекеттік хатшы.
Сонымен қатар ол Қазақстанның ДСҰ-ға, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне, елордада «ЭКСПО-2017» халықаралыққ көрмесін өткізуіне болгар тарабының қолдау білдіргені үшін де алғысын айтты.
«Біздің елдеріміздің өзара ынтымақтастығының зор әлеуметі бар. Дегенмен, тауар айналымыз шағын ғана, не бәрі шамамен 25 млн. долларды құрайды», - деп қосты Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы мәртебелі мейманға елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы жайында да айтып беріп, оған таяу жылдары ішінде 25 млрд. доллар бөлінетіндігін атап өтті. «Сондықтан біз бұл инфрақұрылымдық жобаларға қатысқысы келетін болгарлық компанияларды шақырамыз. Әрине, мұнан бөлек, елдеріміз арасындағы әлеуметтік, мәдениет, білім салаларындағы ынтымақтастықтың да өрістей түсеріне үміт артамыз. Бұл бағыттарда да айтарлықтай ілгерілеушілік бар», - деп қосты ол.
Мұнан бөлек, Мемлекеттік хатшы София университетінде қазақ тілі және Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерделеу кабинетін ашқан болгар тарабына ризашылық танытып, болгарлық компанияларды «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды.