Гүлшара Әбдіқалықова әкімдерден 5 мың грант беру жөніндегі жұмысты аяқтауды сұрады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылының жақындауына орай бірнеше мәселеге назар аудару керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылыныңбасталуына бірнеше апта қалды. Соған байланысты Білім және ғылым министрі менөңір басшыларының назарын бірнеше мәселеге аударғым келеді. Біріншіден, соңғыжылдары бірінші сыныпқа келетін оқушылардың саны көбеюде. Соған байланыстыоқушы орындарының жетіспеушілігі ұлғайып келеді. Сондықтан, оқытудың қауіпсізжағдайын жасау үшін әкімдер мектеп директорларымен, ата-аналармен бірлесіп,балаларын бейімделу, сабақ режімінің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларғасәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударған жөн», - деді Гүлшара ӘбдіқалықоваҮкімет отырысында.

Премьер-министрдіңорынбасары екіншіден, алыс ауылдардан оқушыларды тасымалдау мәселесі барын атапөтті.

«Осыған байланысты184 көлік жетіспеуде. Бұл мәселе назардан тыс қалмауы тиіс. ӘкімдіктердеМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасылардан шыққанталапкерлер үшін бөлінген қосымша 5 мың грант беру жөніндегі жұмысты аяқтаудысұраймын», - деді ол.

Еске сала кетсек,бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин өңір әкімдеріне барлықбілім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырғанболатын.


Соңғы жаңалықтар