«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысында «Nur Otan» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарыныңмандаттарын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықоваға, актер Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжановқа, Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімі Нұрлан КемерұлыӘшімбетовке және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріЖұлдыз Қажыкенқызы Омарбековаға беру туралы шешім қабылданды.
18:11, 16 Тамыз 2019
Гүлшара Әбдіқалықова мен Нұрлан Әлімжанов Мәжіліс депутатының мандатын алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Мәжіліс депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.