Гүлшара Әбдіқалықова мұғалім мәртебесі туралы заңның қашан қабылданатынын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уақыттарыңыздыкөп алмай, екі мәселеге тоқталғым келеді. Бірінші мәселе - ол Президент айтқанмұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы заң. Осы заңды жақын уақытта, 1 қыркүйекке дейінПарламентке енгізуіміз керек. Сондықтан министрлікке 1-2 аптаның ішіндеПарламентке енгізу туралы тапсырма беремін», - деді вице-премьер.

Оның атапөтуінше, «Мұғалім мәртебесітуралы» заң жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты талқыланған.

«Сондықтан1 қаңтарға дейін бұл заңды қабылдауға негізгі мүмкіндік бар деп ойлаймын.Екінші мәселе - ол барлық деңгейде білімнің дамуы мен ғылымның дамуы. Осығанбайланысты біз 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттікбағдарламасын қабылдауымыз керек. Бұл бағдарлама осы жылдың соңына дейін толықжоспары жасалып, қабылдануы тиіс», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар