Гүлшара Әбдіқалықова отбасылар жиі тап болатын негізгі түйіткілдерді атады
«Біздің елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешетін 31 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Түркістан облысында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» деген жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл пилоттық жоба енді ғана басталды. Біз оны аяғына дейін жеткізуіміз керек», - деді Мемлекеттік хатшы Астанада өткен «Қазақстандық қоғамды жаңғырту процесіндегі отбасының рөлі» атты дөңгелек үстел отырысында.
Мемлекеттік хатшы сонымен бірге отбасылық институттармен бірлесе отырып шешетін мәселелерді атады.
«Біріншіден - бұл ерте жастағы неке мен жасөспірімдердің жүктілігі, ерте жаста түсік жасату. Екіншіден, көбею тенденциясына ие - ажырасу мәселесі. Әрбір үшінші отбасы қазір ажырасып кетіп жатыр. Үшіншісі - жалқы (толыққанды емес) отбасылардың көбеюі. Қазіргі таңда балаларды тәрбиелеуде әкелердің аз араласуы мен бала күтімі үшін алимент төлемдеріндегі мәселе. Төртіншісі - отбасы бағытындағы жұмыс негізінен өмірлік қиындықтар басталған кезде жүргізіледі. Алдын алу жұмыстары әлі әлсіз жүруде. Елімізде мұндай өзекті мәселелерді шешуге жұмылатын нақты мемлекеттік орган - Қоғамдық даму министрлігі. Консультативтік орган ретінде біздің комиссия да кеңес жүргізіп, аталған мәселелерді шешуде ұсыныстарын жолдайтын болады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.