Гүлшара Әбдіқалықова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарында өңірде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асырудың барысымен танысты

None
ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарында өңірде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асырудың барысымен танысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

2011 жылы Солтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қатысушылардың саны 7 мыңнан астам адамды құрады, үш бағыт бойынша іс-шараларды іске асыруға арналған қаржы көлемі 1, 8 млрд. теңгені құрайды.

Облыста 986 адамды оқытумен қамту көзделіп отыр. 2011 жылы осы мақсатқа бір жылдан үш жылға дейінгі оқу мерзімімен 395 адамды кәсіби даярлау және 591 адамды қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру үшін 116,0 млн. теңге қаржы бөлу жоспарланған. Шығыстарда оқуға және шәкіртақыға, ал қаладан тыс жерлердегі азаматтарға тұруына және жол жүруіне қаржы қарастырылған. Бұдан өзге, жалақыны ішінара субсидиалай отырып, 366 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылатын болады, осыған 52,3 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағыты аясында 200 қатысушыны қамту жоспарланып отыр. 2011 жылы оған - 254,8 млн. теңге қаржы бөлінетін болады, соның ішінде:

микрокредит беруге - 200,0 млн. теңге;

кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 8,7 млн. теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға шығыстар - 46,1 млн. теңге.

Бағдарламаның үшінші бағыты Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.

2011 жылы әлеуеті төмен ауылдардан 222 отбасын (888 адамды) көшіруге 1,4 млрд. теңге мөлшерінде қаржы бөлінді.

Бағдарламаны іске асыру үшін әрбір ауданда және Петропавл қаласында Жұмыспен қамту орталықтары құрылды, Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша оны іске асыру жұмысы лайықты түрде жүргізілуде.

Сапар барысында министр 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап іске кіріскен Петропавл қаласы Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 13 қызметкер жұмыс істейді. 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен Орталық қызметіне 56,1 млн.теңге қаржы бөлінді.

Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді көздейтін бағдарламаның бірінші бағыты аясында оқытумен танысу мақсатында министр темір жол көлігі колледжінде болды. Онда оқу процесімен, оқытушылар құрамымен және оқу кабинеттерінің заманауи құралдарымен және зертханамен танысты.

«Изолит» ЖШС-да министр оның басшысы Приколотто Виктор Петровичпен кездесті. Бұл кәсіпорын қызметінің негізгі түрі электроизоляциалық материалдар шығару болып табылады. Кәсіпорын «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға қатысуда. Қазір кәсіпорында 21 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.

Одан кейін, министр Петропавл қаласындағы «Петропавл ауыр машинажасау зауыты» АҚ-да болды. Зауыт мұнай газ өңдеу өндірісімен айналысады. Жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган арқылы 28 адам жұмысқа орналастырылды. Еңбекақының орташа мөлшері 63 мың теңгені құрайды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және Халықты жұмыспен қамту орталығымен өзара іс-әрекет жасауда тығыз байланыс жасалған.

Сондай-ақ, сапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова Қызылжар ауданындағы «Ахмұдинов К.О.» ЖК кәсіпорнына барып, оның ұжымымен және бағдарламаға қатысушыларымен кездесті. Бұл кәсіпорын мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді үлес қосуда. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында осы кәсіпорында 11 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, 2 әлеуметтік жұмыс орны құрылды

Министр «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында осы ауданда үйлерді салу барысымен танысты. Бескөл ауылында бағдарламаға қатысушы 5 отбасы үшін 5 үй салу жоспарланып отыр, оған 31,5 млн. теңге қаржы бөлінді.