Гүлшара Әбдіқалықова: Ұлы ұлт екенімізді мақтан етуіміз керек

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Біз біртұтас әрі ұлы ұлт болып табылатынымызды мақтан етуіміз керек, деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген «Рухани жаңару - Қазақстанның Үшінші жаңғыруының басымдығы»  атты өз мақаласында.

«Жаңа заман жағдайында қоғамдық сананы жаңғырту өзгерістер мен жаңаруға дайындық пен ұмтылысты талап етеді. Біз көз ілеспес динамизмнің қарқынды уақытында өмір сүрудеміз. Әлемге әйгілі менеджмент ұстазы - америкалық экономист Джон Коттер өткен ғасырдың 90-жылдары-ақ өзінің «Впереди перемен» атышулы бестселлерінде бәсекелестерден алда болу үшін жаңаруларды алдын ала біліп, болжап, басқару қажет деген тұжырымға келген. Аталған тезис біздің заманда да өзектілігін жойған жоқ», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.

ҚР Мемлекеттік хатшысының пікірінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында еліміз аяқ басқан жаңа тарихи кезеңге тән қауіп-қатерлерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа терең бағдар жасады.

«Сондықтан, Мемлекет басшысы айтқандай, елдің әрбір азаматы, жалпы қоғам, саяси партиялар мен қозғалыстар, барлық мемлекеттік органдар өз жұмыстарына баға беруі тиіс: қазіргі жағдайға сараптама жасап, қазір қайта тұрғандарын анықтау қажет, реализм мен прагматизм негізінде қоғамдық сананы жаңартуға қатысу үшін барлығымызға және әрқайсымызға не істеу керектігін түсініп алу қажет. Біз біртұтас әрі ұлы ұлт екенімізді мақтан етуіміз керек. Біздің бір ғана жолымыз бар: жаңғыру арқылы жарқын болашаққа!», - деді Г.Әбдіқалықова.