«Құрметті ұстаздар, педагогтар жаңа оқу жылының алдында сіздермен кездесіп, білім саласындағы барлық өзекті мәселелерді сөз етіп, пікір алмасамыз деп ойлаймын. Өздеріңізде білесіздер, қазір елімізде үлкен реформалар жүзеге асырылуда. Бес институттық реформа, соған байланысты «100 қадам» ұлт жоспары белгіленді. Елбасы 30 дамыған елдің қатарына қосылу талабын қойып отыр. Әрине, осының бәрі білімге байланысты», - деп атап өтті кездесуді ашқан Г.Әбдіқалықова.
Сонымен қатар Мемлекетті хатшы «100 қадам» ұлт жоспарының аясныдағы білім жүйесін жаңғыртудың осы кезеңінің басты айырмашылығы - Экономикалық ынтыматастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде адами капиталдың сапасын көтеруге маңыз беру екенін атап өтті.