Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болды

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Серғазин Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ғұмар Серғазин атом энергетикасы саласында маман тапшылығы болмайтынын айтқан еді.