ТМД-ға қатысушы елдердің Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен «РИА жаңалықтар» агенттігі ұйымдастырып отырған іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері (Астана қаласы), Баку мемлекеттік университеті, Ресей-армян унверситеті, «Жоғары антрополикалық мектеп» университеті (Молдава), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті және Донецкі ұлттық университетінің (Украина) студенттері қатысады.
Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, бір апта уақыт бойы беларус жерінде 60-тан астам студент тек бір-бірімен танысып қана қоймай, сондай-ақ БАҚ жаңа технологияларынан да хабардар болады.