Бұл жайлы бүгін Алматыда шетелдегі қазақтардың авторлығымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының "Атажұрт" баспасынан жарық көрген жаңа кітаптардың тұсаукесерінде айтылды.
"Келесі жылы ғұн империясының құрылғанына 2220 жыл толады. Түркі халықтарының әлемге әйгілі 3 үлкен қолбасшысы болған. Ең біріншісі, Ғұн Шай Лю деген кісі. Екіншісі, Еуропаға Атилла деген атпен әйгілі болған Еділ батыр. Үшіншісі, Шыңғыс хан", - дейді тарих ғылымының докторы, профессор Ислам Қабышұлы.
"Тұран әлемі" деп аталатын жаңа кітабын қазақстандық оқырманның назарына ұсынған белгілі моңғолиялық ғалым: "Бұл 20-30 жылдық зерттеу еңбегімнің нәтижесі. Онда түркі тектес 2 тәуелсіз республиканың, 26 ұлт пен ұлыстардың тарихы таразыланып, олардың әлем өркениетіне қосқан үлесі сөз болады. Осы уақытқа дейін түркі халықтарының қолбасшылары мен данышпандарын еуропалықтар ғана зерттеп келген болатын", - деді.
Былтыр Моңғолияда жарық көрген бұл туындыны ғалымдар ең үздік ғылыми еңбек деп жариялап, ол үкімет шешімімен барлық кітапханаларға таратылған болатын. Енді оған орыс, қытай тілдеріне аударуға өтініштер түсіп жатқан көрінеді.