Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Самарқанд қаласына сапарлайды.
Алдағы келіссөздердің күн тәртібінде Өзбекстан-Түрікменстан стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту және көп қырлы ынтымақтастықты кеңейту, бірінші кезекте саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық, көлік-коммуникация және мәдени-гуманитарлық салалардағы мәселелер бар.
Сондай-ақ аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер талқыланады.
Еске сала кетейік, 21-22 сәуір күндері Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанның Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.