Гус Хиддинкке «Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді

МӘСКЕУ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат – Гус Хиддинк «Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы голландық Гус Хиддинк пен оның көмекшілері Александр Бородюк пен Игорь Корнеев осындай атақтар алды. Сондай-ақ Хиддинк «Ресейдің 2008 жылғы үздік жаттықтырушысы» сыйлығын да ие болып отыр.