Қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, ширек финалда Қырғызбаев әзербайжандық Руслан Пашаевты жеңді. Енді финал жолдамасы үшін ол бразилиялық Рональд Лимамен белдеседі.
Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде татамиге шығады.
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізген еді.