Отандасымыз финалда осы салмақтың айқын фавориті, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) белдесіп, жол берді.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
1/16 финал. Турболд Тумурху (Моңғолия)
1/8 финал. Джусуф Нуркович (Черногория)
1/4 финал. Руслан Пашаев (Әзербайжан)
1/2 финал. Рональд Лима (Бразилия)
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60, 66 және әйелдерде 48, 52,57 келіде жүлделер сарапқа салынды.
Бүгінгі жарыстың басты ерекшелігі ретінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың 2 жылдан кейін татамиге оралуы болды. Жерлесіміз бірінші ресми жарысын 5-орынмен аяқтады.
Айта кетелік Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің алтыны үшін күресетіні туралы жазған едік.