66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық Рональд Лиманы (Бразилия) сенімді түрде жеңді.
ҚР ҰОК мәліметінше, шешуші белдесуде Қырғызбаев Хифуми Абе (Жапония) мен Келвин Рэйдің (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, финалдық сессияда Елдос Сметов та бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі.
Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Гран-при турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған едік.