Ғұсман Қырғызбаев Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта финалда испаниялық Давид Гарсиа Торнемен шеберлік байқасты.
Испаниялық дзюдошы да осыған дейін әлемдік Гран-при додаларында жүлде алып жүрген спортшы еді.
Жекпе-жек соңына таман Давид Гарсиа Торне вазари әдісімен жеңісті жұлып алды.
Ғұсман спорттық жолында бұған дейін 2019 жылы Әбу-Дабиде өткен Grand Slam жарысында жеңімпаз атанған еді.
Осылайша, Астанада жарыстың алғашқы күні Қазақстан алтын және күміс медальға ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбиба Әбужақынованың Qazagstan Barysy Grand Slam турниріне қатыспайтынын жазған болатынбыз.
Мағжан Шамшадин Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің финалына шықты.
Ғұсман Қырғызбаев Qazagstan Barysy Grand Slam жарысының алтын жүлдесіне таласады.
Мағжан Шамшадин Qazagstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.