Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті қаржылық ынтымақтастық бойынша шағын комитетінің 8-ші отырысы өтті.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарланды.
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқовтың және Қытай Халық банкі төрағасының көмекшісі Цзинь Цидің жетекшілігімен шағын комитеттің отырысы өтті.
Кездесу барысында тараптар қаржылық ынтымақтастықтың келелі мәселелерін талқылады. Олар Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті қаржылық ынтымақтастық бойынша шағын комитетінің 8-ші отырысы хаттамасына қол қойды.