АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республикалық гвардияның әскери қызметкерлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдайды.
Әскери бөлімдерде референдум өткізуді қолдауға қол жинау бойынша бастамашыл топтар құрылды.
Гвардияшы жауынгерлер біздің еліміздің гүлденуі мен көркеюі жолындағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың маңызды рөлін терең сезінеді. Олар 2020 жылға дейінгі Қазақстанның даму бағдарламасының ұстанымы Елбасының басшылығымен жүзеге асуы қажет деп санайды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.