Оның ойынша, есірткіні заңдастыру есірткі саудасымен байланысты қылмыстарды сәл де болса азайтады.
Осы мәселені талқылау үшін аталмыш елдің басшысы Орталық Америка президенттерін шақырып, саммит құрмақ болған. Алайда ең соңғы мезетте Никарагуа, Сальвадор және Гондурастың басшылары жиынға қатысудан бас тартып, орындарына басқа лауазымды шенеуніктерді жіберген көрінеді.
«Біздің есірткі трафигімен 40 жылдан бері күресіп келе жатқан стратегиямыздың түкке жарамайтыны әбден белгілі болды», - деп мәлімдеді Отто Перес Молина. - Енді тығырықтан шығатын жаңа жолдар іздестіру керек. Біз қалыптасып қалған құпиялылықты жойып, «Осы мәселені талқылайық!» деп күллі әлемге жар салуымыз қажет».