Гватемалада орын алған студенттік тәртіпсіздік барысында екі министр жараланды
деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг Fox News-ке сілтеме жасай отырып.
Тәртіпсіздіктер шеруге қатысушылар білім реформасының жүйесіне қарсылықтарын білдіру үшін орталық алаңға жиналғанда басталды, сол кезде шаралардың бірінде білім министрі Синтия дель Агила болған. Шерушілер министрді кепілдікке алмақ болған кезде полиция қызметкерлерімен қақтығыстар басталып кеткен.
Шерушілерді көз жасаурататын газбен қуу кезінде Синтия Дель Агила уланып, ауруханаға жеткізілді. Ішкі істер министрі Маурисьо Лопес Бонилья шерушілердің бірі лақтырған ауыр затпен жарақаттанған. Дегемен ол ауруханаға барудан бас тартып, қарулы күштердің жұмысын бақылауға кірісті. Зардап шеккендердің ішінде білім және ішкі істер министрлігінің 6 қызметкері мен 12 журналист бар. Олар қазіргі уақытта ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.