Гвинея - Бисауда мемлекеттік төңкерістің алды алынды

None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Кеше батысафрикандық Гвинея-Бисау мемлекетінде әскер казармаларға жасалған шабуылдың нәтижесінде 7 әскери қызметкер өлтірілді,

деп хабарлады Утро. ру.

Оқиғаның басқа жай-жапсары әзірге белгісіз.Елдің әскери биліктері хабарлағандай, бұл шабуыл мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатында болған амалдардың бірі. Гвинея-Бисаудың биліктері бұны Португалия мен Африканың басқа португал тілді елдері ұйымдастырды деп айыптап отыр.

Сәуір айында Гвинея-Бесаудағы президенттік сайлау кезінде түзеу мекемесінде әскери көтеріліс болған.