Гвинея-Бисаудағы сайлауда билеуші партиядан түскен үміткер жеңіске жетті

МӘСКЕУ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Гвинея-Бисауда билеуші партиядан түскен үміткер президенттік сайлаудың екінші турында Малам Бакай Санья жеңіске жетті. Санья сайлаушылардың дауысының 63,52 пайызын жинады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Сөз орайында, Санья және сайлаудағы оның қарсыласы Кумба Яла бұған дейін Гвинеяның президенттері болғанын атап өткен орынды. Президенттік сайлау елде мемлекет басшысының наурызда өлтірілуіне байланысты мерзімінен бұрын өткізіліп отыр.