Бұл үкімет басшысы отставкаға кеткеннен кейін үш күн өткен соң орын алды.
Мемлекеттік теледидар бойынша оқылған президенттің жарлығында Фофанның орынтағын сақтайтыны айтылады. Мемлекет басшысының мұндай шешімді неліктен қабылдағаны әзірге беймәлім. БАҚ деректері бойынша премьер 2013 жылғы 28 қыркүйекте болған парламенттік сайлаудан кейінгі Гвинеядағы саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты отставкаға кетуге өтініш берген.