Гвинеяда алтын кеніші опырылып, 17 адам мерт болды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гвинеяның солтүстік-шығысында алтын кенішінің опырылуы салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы дүйсенбіде AFP агенттігі хабарлады.

«Жексенбі күні кешкісін Сигири префектурасында алтын өндіретін кен орны опырылып, салдарынан 17 адам қаза тапты», - деп мәлім еткен агенттікке жергілікті құқық қорғау өкілі.

Төтенше жағдайдың себебі әзірге айтылмай отыр.