Al Jazeera-ның хабарлауынша, Гвинея астанасы Конакри қаласында әскери бөлімшелер құрылып, жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпау туралы талап қойылды.
Бұған дейін Agence France-Presse агенттігі Конакридің үкіметтік кварталында жексенбі күні автоматты қарудан оқ жаудырылғанын хабарлады. Көшеде әскерилер көп. Елде болып жатқан жағдай аймақтық және халықаралық ұйымдар тарапынан алаңдаушылық пен сын тудырған.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз сөзінде болып жатқан жағдайды сынап, ел президентін дереу босатуды талап етті.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚазАқпарат Гвинея Республикасында мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болғаны туралы хабарлаған.