Гвинеяда ел президентіне қастандық жасалды
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Гвинея елордасы - Конакриде орын алған қастандықтың салдарынан Мұса Дади Камара жеңіл жарақат алды. Оған қарсы шабуылды ел армиясының әскери қызметкерлері жасап отыр, деп хабарлады билік өкілдері. Олардың нақтылауынша, Гвинея басшысының өміріне қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды Associated Press.
Бейресми мәліметтер бойынша, Гвинея үкіметінде ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы оқиғадан кейін жікке бөлінушілік орын алған. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 28-інде ел әскері Конакриде халық шеруіне қарсы оқ атқан болатын. Үкіметтің деректеріне қарағанда, 57 адам қаза тапқан, ал құқық қорғаушылар 157 адамның мерт болғаны туралы мәліметті айтуда.
М.Д.Камара әскери төңкерістің салдарынан 2008 жылы желтоқсанның 24-інде Гвинея басшылығына келген әскерилер тобының басында тұр. Оның өкілеттік мерзімі 2010 жылдың желтоқсан айында аяқталады, елдегі президенттік сайлау осы мерзімге белгіленген.