Гвинеяда қайық аударылып, 9 адам суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гвинеяның оңтүстік-шығысында өзенде қайық суға батып, кем дегенде 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды, ВВС.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға кеше кешке Сьерра-Леонмен шекаралас аумақта болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 69 адам күн батқанша құтқарылып үлгерген. Суға кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.