12:42, 27 Сәуір 2009
«Ғылым қоры» АҚ қолданбалы ғылыми зерттеулер жобаларын гранттық қаржыландыру үшін өтінімдер қабылдай бастады
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - «Ғылым қоры» Акционерлік қоғамы қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, қолданбалы және инновациялық сипаттағы бастамалық және тәуекелді зерттеулерге қатысты жобаларды гранттық қаржыландыру үшін өтінімдерді қабылдай бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаларды қаржыландыруға белгіленген басымдықты бағыттар - нанотехнологиялар мен жаңа материалдар, биотехнологиялар, көмірсутегі мен тау кен-металлургия секторларына және олармен байланысты салаларға арналған технологиялар, ядролық технологиялар мен жаңғыртылатын энергетика технологиялары, ақпараттық және ғарыштық технологиялар.Шартқа сәйкес, гранттық қаржыландыру көлемі бір жоба бойынша 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Құжаттарды қабылдау 2009 жылғы сәуірдің 27-сінен мамырдың 27-сіне дейін жүргізіледі. Өтінімдерді тапсыру ережелерімен толығырақ www.science-fund.kz сайтынан, не болмаса Астана қаласы, Республикасы даңғылы, 18 мекен-жайынан біле аласыз. Анықтама телефондары 7(7172) 214594, 212025.