деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева кіріспе сөз сөйлеп, ғылым саласын дамыту үшін жаңа заңның қабылдануы өте маңызды екенін айтып өтті.
Заң жобасының мақсаты туралы ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Махметғали Сарыбеков түсінік беріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Айта кету керек, бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Осы заңнамалық акті ғылымды басқару және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру принциптерін жетілдіру мақсатында дайындалған.
Жаңа «Ғылым туралы» заң жобасының нормалары ғылым саласын одан әрі дамытуға бағытталған актіні білдіреді әрі оның ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің барлық субъектілерінің тең құқылылығы принциптері сақталатын негіздемелік сипаты бар.
Заң жобасын іске асыру трансферт, елді дамытудың басым бағыттары бойынша жаңа білімді құру және тарату арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге ықпал ететін ұлттық инновациялық жүйені құруға жол ашпақ.
Заң жобасына байланысты Рамазан Сәрпеков, Владимир Нехорошев, Сәт Тоқпақбаев, Ермұханбет Омаров, Алдан Смайыл, Розақұл Халмұрадов, Раиса Полищук, Нұрлан Өнербай, Виктор Киянский және басқа депутаттар сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты.