Атап айтқанда, Жаратылыстану ғылымдары саласында үздік ғылыми зерттеу еңбегі үшін Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлыққа «Жер, металлургия және байыту ғылымдары орталығы» АҚ ұжымы ие болды. Олардың ішінде орталық басшысы - Зейнет Әбішева, ғылыми қызметкерлер - Айнаш Шәріпова және Салтанат Садықанова, сондай-ақ Талғат Айтқалиев. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық Тұран университетінің профессоры Алида Әшімбаеваға бұйырды. Бұдан басқа, Педагогика бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлық - Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жақан Молдабеков, ал жас ғалымдарды ынталандыруға арналған Дінмұхаммед Қонаев атындағы сыйлықты Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің магистранты Ербол Шабанов, Химия-металлургия институтының зертхана инженері Ербол Мұхамбетқалиев және ғылыми қызметкер Валентина Салина иеленді.
13:01, 16 Ақпан 2012
Ғылым саласының үздіктері марапатталды
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 2011 жылдың қорытындысы бойынша үздік атанған ғалымдарды марапаттады.