Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориясы мен практикасы» тақырыбында өткен конференцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясының және Қорғаныс министрлігінің Ұлттық университетінің өкілдері өз сөздерінде қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайға кеңінен тоқталып өтті. Болуы мүмкін қауіп-қатерлерді, шетелдің тәжірибесін талқылай келе, олардың шекаралық қауіпсіздікке ықпалын қозғады.
Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік пен оны қорғаудың жолдары жайлы пікір-ұсыныстар ортаға салынды. Қазіргі кезде IT-технология мен байланыс құралдары арқылы радикалды экстремизм мен халықаралық терроризм идеяларының тарап отырғандығын нақты мысалдармен келтірілді.
Конференцияға қатысушылар шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін әрдайым ерекше назарда ұстап отыру қажеттігіне тоқталды.