«Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылми-зерттеу институттарының санын 15-ке арттыру, индекстелетін журналдардағы жарияланымдарды 150 пайызға өсіру және 2025 жылы жабдықтарды 30 пайызға жаңарту арқылы ҒЗИ сапасын арттыру міндеті тұр. Сондай-ақ 2025 жылы қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми журналдарындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және «ҒЗИ сапасы» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу жоспарланған», - деді С. Нұрбек.
Оның айтуынша, материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңғырту мақсатында 1,7 млрд теңге бөлінді. Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары 800-ге жуық ғылыми жабдық сатып алды. 2021 жылы жабдықтарды жаңарту үлесі 13,7 пайызды құрады.
«Ғылыми орталықтардың 25,8 пайызында олардың жұмысы мен жүргізілетін зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігі тұрғысынан аудит жүргізілді. Ғылыми және жарияланымдық қызмет нәтижелері бойынша «Scimago Institutions rankings» халықаралық рейтингіне 8 қазақстандық ҒЗИ мен ЖОО кірді. Сондай-ақ әлемдік деңгейде индекстелетін ғылыми журналдардағы мақалалардың жалпы саны бойынша InCites елдік рейтингісінде Қазақстан позициясының 2021 жылы 75-орыннан 73-орынға өсуі байқалды», - деді министр.
Фото:primeminister.kz