75 келі салмаққа дейінгі 1/8 финалда Гюзель венгриялық Жанетт Неметпен кездесті.
Қарсыласын айқын басымдықпен жеңген қазақстандық спортшы Олимпиаданың келесі кезеңіне мерзімінен бұрын өтті. Жекпе-жек 12:2 есебімен аяқталды.
Гюзель Манюрова - Афинадағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), Лондондағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2012).