Ұпай жағынан ұтыла тұрса да, Г.Манюра жекпе-жекті өз пайдасына таза жеңіспен аяқтады. Айқастың соңына дейін 8 секунд қалғанда қазақстандық палуан ресейлік қарсыласын шалқасынан сұлатып салды.
Бұдан бұрын Олимпиаданың алғашқы айқасында ол Еуропа чемпионы, венгрлік Жанетт Неметті 12.2 есебімен ұтып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.