Х. Карзай армияға президенттік сайлау күні жауынгерлік операцияларды тоқтатуды бұйырды

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Ауғанстан Президенті Хамид Карзай үкімет әскеріне тамыздың 20-сына белгіленген президенттік сайлау кезінде барлық жауынгерлік операцияларды тоқтату туралы бұйрық берді,

деп  хабарлайды Associated Press агенттігі.

Бұл мәлімдемені ауған басшысы   ұлттық  радиода сөйлеген  сөзінде   жасады.   Ол  сондай-ақ,  «Талибан»   содырларын  осыдан   үлгі алуға  және   ел  азаматтарына  еркін   дауыс беруге мүмкіндік жасауға    шақырды.

Ауғанстанда президенттік сайлау  тамыздың 20-сында  өтеді. Ел президенттігіне 40-қа жуық  үміткер    таласады.