Кездесу Баграм әуе базасында өтуі тиіс еді, алайда Карзай Обаманың шақыруын кемсіту ретінде қабылдап, "Ауғанстан үкіметі АҚШ лидерін Кабулдағы президент сарайында қарсы алуға дайын" екенін, алайда Обамамен кездесуге Баграмға бармайтынын мәлімдеді. Агенттік атап өткендей, бұл оқиға екі президент арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіре түсті.
Обама Карзаймен телефон арқылы байланысып, екеуі 15-20 минут сөйлесті. АҚШ президенті өз әріптесіне жақын арада 2014 жылдан кейін елде қалатын әскерилердің нақты санын айтатынына сөз берді. Бірақ әскери операция аяқталған соң америкалық әскерилердің статусын анықтайтын қауіпсіздік туралы келісімге Обама жаңа президент сайланған соң қол қояды. Екі тарап келісімге келмегендіктен жаңа президенттің есімі келесі айда ,сайлаудың екінші кезеңінде белгілі болмақ.