Хьюстон су астында қалды - ВИДЕО
10:35, 29 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзендер тасып, су арнасынан асып, салдарынан Хьюстон (АҚШ) қаласының бірнеше аудандарын су басты. Төрт мыңнан астам үй су астында қалды, деп жазады Росбалт.
Үйлерді басқан су деңгейінің жоғарылығына байланысты оқиға орнына жеткен жедел қызметкерлер көмек қолын соза алмай әлекке түсуде.
2,5 мың көлік көшеде қалған. Билік мүмкіндігіне қарай көлік құралдары жолдан әкетілетінін айтты.
Техастың 24 округіне билік төтенше жағдай жариялады.