Агенттіктің тарихы 1995 жылы басталды. Ол Қазақ ТВ ақпараттық қызметі негізінде құрылды, бастапқы атауы - Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі (ҰТАА) болды. Қазір ол қазақ және орыс тілдерінде тарайтын, шамамен 13 миллион көрермені бар елдегі алдыңғы қатардағы ұлттық арна. Компанияда 600-ден астам адам жұмыс істейді. Хабар таратуда жаңалықтарға басымдылық берiледi. Ақпаратты берудің негізгі ұстанымдары - жылдамдық, сонылық, толыққандылық пен объективті көзқарас. Ақпараттық бағдарламалар эфир уақытының үштен бір бөлігін алады. Ақпараттық бағдарламалар дирекциясында екі жүзден астам қызметкер бар. Ақпарат Қазақстандағы 14 және ТМД елдеріндегі төрт жеке меншік тілшілер бөлімінен жиналады. Өз репортаждары Солтүстік жартышардың негізгі 12 елiнен де әзірленеді. Осының арқасында, Агенттік ауқымы Қазақстанның өзге ақпараттық компанияларына қол жетуi қиын тілшілер жүйесiне ие. Осыған қарамастан, «Хабар» шетелдік меншікті тілшілер қосындарын жоспарлы түрде көбейтiп келедi. Өз ақпараттарымен қатар компания әріптестік бағдарламалар аясында әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктер өнімдерін де пайдаланады. Агенттіктің сондай-ақ публицистикалық, музыкалық, спорттық және өзге де бағдарламалары жақсы танымал. Арна ұсынатын телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында тұр. Репертуарында элитарлы кинодан бастап, кең таралымға ие блокбастерлерге дейінгі жанрлар қамтылған. «Хабар» - Әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын тікелей эфирден көрсететін елдегі жалғыз телеарна. Агенттіктің техникалық базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Агенттіктің бөлімшелері «CaspioNET» спутниктік арнасы - Еуропа, Орталық Азия, Орта Шығыс пен Африканың солтүстік бөлігін қамтитын тәуліктік ақпараттық арна. «CaspioNET»-тің болжамды көрермендерінің саны - 99 миллион адам. Хабар таратуда жаңалықтарға басымдық берiледi. Хабарлар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады.
«ЕЛ арна» телеарнасы - телевизиялық ойын-сауықтық арна, болжамды аудиториясы - тоғыз жарым миллион адам. Хабарлар қазақ және орыс тілдерінде берiледі. Хабар таратуда көркем фильмдер, телесериалдар, танымдық және мәдениеттанушылық бағдарламаларға басымдылық берiледi.
«Хабар» радиосы - Қазақстандағы ең танымал радиолардың бірі. Хабар таратуда ақпараттық және музыкалық бағдарламаларға басымдылық берiледi. Хабарлар қазақ және орыс тілдерінде жүреді.
«www.khabar.kz» интернет-порталы - елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға байланысты ақпараттар ұсынады. Күн сайын жаңартылып отырылады. Сайт парақтарынан Агенттік жөнінде толық ақпарат алуға болады.
Жүлделер:
Телеарна мен оның өнімдері, сондай-ақ Агенттік қызметкерлері ұлттық және халықаралық деңгейде көптеген кәсіби марапаттар алған. 2003 жылы «Золотая арка Европы» байқауында Агенттік «Сапа және технология» аталымы бойынша жүлде алды. Дирекция журналистерінің жұмыстары ЕММҮ телевизиялық жүлдесіне ұсынылған, ал репортаждардың бірі «Золотой глагол» (Ресей) байқауында бас жүлде алды. Қызметкерлер мен спорт редакциясының хабарлары жоғарғы деңгейдегі халықаралық (ТМД) кәсіби жүлделермен марапатталған. «Болашақ қаласы» атты жастарға арналған бағдарлама Жапонияда өткен халықаралық фестивальда әлемнің ең үздік бағдарламалары ондығына енді. Web-сайттардың «Award-2003» Қазақстан интернет-жүлдесі» атты алғашқы қазақстандық байқауының қорытындысы бойынша Агенттік сайты «Дәстүрлі БАҚ-тың электронды нұсқалары» аталымында үздік деп танылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 3 шілде № 668 қаулысына сәйкес «ХАБАР» агенттігі» АҚ, «Арна Медиа» ҰАХ АҚ құрамына енді. Халықаралық кәсіби ұйымдарға қатысу «Хабар» агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату кеңесі (ABU), Азия-Тынық мұхит жаңалықтар агенттіктері ұйымдары (OANA), Азия-Тынық мұхитының Хабар таратуын Дамыту Институты (AIBD) құрамына енеді. Агенттіктің ірі акциялары Еуразиялық Медиа Форум - жыл сайын өтетін кәсіби медиа оқиға, ол жерде еуразиялық және тұтас құрлық журналистері қоғамдастығының ең өзекті мәселелері талқыланады. Форум жұмысына АҚШ және Еуразияның жетекші БАҚ өкілдері, сондай-ақ ірі саяси қайраткерлер тұрақты түрде қатысады. ЕАМФ-ға қызығушылық жылдан жылға өсіп келеді. «Алматы - менің алғашқы махаббатым» ретро-фестивалі - жыл сайын өтетін музыкалық фестиваль, ол Қазақстанның ең үлкен қаласында және жалпы елде жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан ерекше мәдени ахуалды замандастар жадында сақтап қалуды көздейдi. OANA-дағы белсенділік - 2002 жылы Агенттік Алматыда OANA Директорлар кеңесінің ХХІІІ мәжілісінің өтуін және OANA Техникалық Сарапшылары Тобының XVII мәжілісінің өтуін қамтамасыз етті. EMMY - 2002 жылы Агенттік негізінде «Жаңалықтар сюжеті» санаты бойынша байқаудың Азия-Африка кезеңі өтті.