«Хабар» агенттігі белсенді жанкүйерлерді олимпиялық шоуға шақырады
18:47, 08 Тамыз 2012
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Барлықтарыңызға жалынды сәлем! Сіздер түнімен ұйықтаған жоқсыңдар ма? Демалыс дегенді ұмыттыңыздар ма? Бірақ сіздер қазақстандықтардың Лондондағы Олимпиадада ойдағыдай өнер көрсетіп жүргендеріне өте қуаныштысыздар ма?
Ендеше біз сіздерді күтеміз! Достар, сіздерді "Хабар" телеарнасына, олимпиада жеңімпаздары мен спорт және шоу-бизнес жұлдыздары қатысуымен, "жанкүйерлер шоуына" шақырамыз!
Сіздерді Алматы қаласында, 10 тамызда сағат 13.00-те, Желтоқсан-Тимирязев көшесінде, "Хабар" телеарнасының ғимаратында күтеміз! Аккредитация міндетті түрде. Барлық сұрақтарыңызға Бақыт Кенебай жауап бере алады- тел. 8 (727) 2700 021, email - keneby@khabar.kz