«Хабар» агенттігі халықаралық көрмеге қатысуда

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Канн қаласында «MIPCOM» халықаралық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шарада әлемнің көптеген елдерінің телекомпаниялары өз жобаларын ұсынуда. Осы жиынға «Хабар» агенттігі де өз жобаларымен, көркем фильмдер, сериалдар мен деректі туындылар, Қазақстан туралы туристік бағдарламаларымен арнайы қабырға дайындап, қатыстырушыларға таныстырылуда. Сондай-ақ көрме шеңберінде «Хабар» Агенттігінің Discovery арнасымен бірігіп түсірген 2 жобасы ұсынылады. Олар - «Discovery Atlas» атты деректі фильмдер топтамасы мен Қазақстанның өндірісі, мәдениеті мен туризмі жайлы «How It's Made» бағдарламасы. 

Discory Atlas - әр түрлі елдер мен халықтардың қиындығы мен қуанышы қатар жүретін күнделікті тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы баяндайтын Discovery арнасының деректі фильмдер топтамасы.

How It's Made жобасы - алғаш 2001 жылы жарық көрген, онда тұрмысқа қажетті заттар мен өнімдердің дайындалу процесін, өндіріс ошақтарының жұмысын баяндайтын деректі фильм.

 

 

Соңғы жаңалықтар