«Хабар» агенттігі жаңа жылға қызыққа толы мерекелік бағдарламалар әзірледі
«Хабар» телеарнасының көрермендерін жұлдыздармен өтетін ұмытылмас кездесулер күтіп тұр. Бұл әзіл-қалжыңы аралас үш сағаттық музыкалық концертті шоу болмақ. Осы кеш барысында жобаның жүргізушілері мен шақырылған жұлдыздар 2013 жылды қорытындылап, ең маңызды оқиғаларға тоқталатын болады. Шоу-бағдарлама барысында 35-тен астам концерттік номір ұсынылады.
Сіздер танымал қазақстандық әртістер, спортшылар, актерлер, сонымен бірге, «Хабар» агенттігінің жүргізушілерінің сан қырлы өнерін тамашалай аласыздар. Ал «Хабар» агенттігі түсірген сериалдардың саундтректері өзінше бөлек әңгіме.
Сонымен бірге, «Ел арна» телеарнасында да жаңа жыл түні көптеген қызыққа толы бағдарламалар көрсетіледі. Телеарна жұлдыздарының қатысуымен өтетін қызыққа толы көңіл көтеретін концерт күтіңіздер, - деді жоба продюсері Гаухар Иманқұлова. - Жобаға белгілі эстрада жұлдыздары және арнаның тележүргізушілері қатысады. Мәселен, бірінші рет Ринат Зайытовпен бірге телеарнаның жүргізушілері ән айтады. Көпшіліктің көңілінен шыққан «Тракторшының махаббаты» сериалындағы апаның роліндегі Алихан Едіресова сахна сыртында әртістердің арасынан өзінің ұлы үшін қалыңдық іздейді. Студиядағы қонақтарды танымал әртістер Тұңғышбай Жаманқұлов пен Майра Мұхаммедқызы қарсы алады».