Бұл жолғы телевизиялық пікірсайысқа кімдер қатысу ұсынылғанын ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова мәлім етті.
«Бүгін Орталық сайлау комиссиясы қаулысының жобасымен пікірсайыс өткізу регламентін келісу, сондай-ақ, теледебатқа қатысушылардың партиялар ұсынған тізімін бекіту ұсынылады.
«Amanat» саяси партиясынан – Қошанов Ерлан Жақанұлы,
«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы;
«Respulica» партиясынан Қожаназаров Айдарбек Асанұлы;
«Қазақстан халық партиясынан – Ертісбаев Ермұхамед Қабиденұлы;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан – Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы;
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан – Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;
«Жалпыұлттық социал демократиялық партиясынан» - Әуесбаев Нұрлан Сатыпалдыұлы», - деді ОСК мүшесі.
Комиссия мүшелері аталмыш телевизиялық пікірсайысты өткізу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.