Қазақстан құрамасы «Астана-Арена» стадионында Швеция командасымен кездеседі.
Матчтың барысына Сергей Райлян және Ержан Көшкінбаев түсініктеме береді. Айтпақшы, «Хабар» телеарнасы 15 қазанда өтетін 2014- Әлем чемпионатына іріктеуді қорытындылайтын «Ирландия - Қазақстан» кездесуін көрсетеді.
Астанадағы Швеция құрамасының құрамында «Пари Сен-Жермен» француз клубының атынан шығып жүрген команданың белді ойыншысы Златан Ибрагимович бар екенін белгілі болды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасына қарсы Шотландияның «Селтик» командасының қорғаушысы, Чемпиондар лигасы шеңберінде қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойындарға қатысқан Микаэль Лустиг ойнайтыны жарияланды.
Өткен жылы Мальма қаласында 2014-Әлем чемпионатына іріктеу шеңберінде Қазақстан құрамасы Швеция командасынан 2:0 есебімен жеңіліп қалған.