Бұл жолғы додада 4 әзіл-сықақ театры бақ сынайды. «Ду-Думан» бағдарламасы - елімізде баламасы жоқ жобалардың бірі. Мұнда шеберлігі мен тапқырылығы жоғары сатира сайыпқырандары өз біліктіліктерін миллиондаған көрерменнің алдында сарапқа салады. Биыл жобаға еліміздің 4 әзіл сықақ театры қатысып отыр. Олар - «Өнер қырандары», «Күлкістан», «Екі езу» және «Шымкент шоу» театрлары. "Бұл тек шоу бағдарлама емес, қазақ сатирасын, театрлық сатираны жаңа деңгейге көтеретін және соларға сценарий жазатын азаматтардың ойлануына өздерінің өнерін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін жаңа жоба деп ойлаймыз. Біз бір жағынан бағдарлама жасап отырмыз, екінші жағынан осы азаматтардың өнеріне қолдау көрсетіп, одан әрі дамуына мүмкіндік беруге тырысып жатырмыз. «Ду-Думан» бағдарламасының алғашқы маусымына 6 театр қатысып, «Шаншар» әзіл-сықақ теары үздік деп танылған еді. Онда үміткерлерге өз репертуарында бұрынан бар әзіл-сықақ қойылымдарын пайдалануға рұқсат етілген. Ал екінші маусымда талап қатал болғалы отыр. Қатысушыларға бір күн бұрын белгілі бір тақырып беріледі. Театрлар сол тақырып бойынша қойылым дайындап, көрерменді күлкіге бөлеуі тиіс", дейді «Хабар» телеарнасының бас продюсері Ринат Думанұлы. «Ду Думан» бағдарламасы 8 қарашадан бастап, әр сенбі сайын сағат 20:00-де эфирге шығады. Жалпы үздікті анықтау 12 кезең бойынша жүргізіледі. Жеңімпазға шағын автобус сыйға берілмек. Ұйымдастыршылар бұл телебайқаудың мақсаты шын мәніндегі сатираның дүлдүлін анықтау дейді. Айта кетейік, үздіктерді қазылар алқасымен қатар студияға келген көрермендер де дауыс беру арқылы анықтайтын болады.