«Еліміздегі төтенше жағдай мен қатаң карантинге байланысты бүгіннен бастап «Жеті күн» бағдарламасын үйден шығарамыз. 21.00-де «Хабар» арнасынан «Жеті күнді» көріңіздер», -деп жазды Ринат Кертаев.
09:40, 05 Сәуір 2020
«Хабар» телеарнасы «Жеті күн» апталық-сараптамалық бағдарламасын үйден таратпақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» республикалық телеарнасы «Жеті күн» апталық-сараптамалық бағдарламасын үйден таратпақ. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.