Хабаров аймағында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағында бес адамның өмірі қиылды

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Хабаров аймағында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан экипаждың төрт мүшесі мен бір жолаушы қаза тапты. Атап айтқанда, бұл тікұшақ үш тонна балық тасымалдаған көрінеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

«Хабаров аймағында Ми-8 тікұшағының апаты орын алған жерде қаза болған барлық бес адамның денесі табылды. Іздестіру жұмыстарына 346 адам мен 62 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген Ресей ТЖМ мәліметінде.

Тікұшақтың сынықтары Полина Осипенко атындағы елді мекеннен 37 шақырым қашықтықтан табылды.