Хабаров өлкесінде бірегей сом алтын кесегі табылды

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Хабаров өлкесінде бірегей сом алтын кесегі табылды. Оның салмағы 7,5 келіден асады, деп хабарлады «Маяк» радиостансасы.

Тұтас сом алтынды тау жыныстарын жуатын жұмысшы тауып алды. Ол тас пен балшықтың арасынан үлкен тастың жалтырағанын байқап қалған, оны зер салып қарағанда, үлкен кесек алтын болып шыққан. Бірегей олжаның алдын ала құны - 12,5 млн. рубль. Алтын өндіретін компания бас инженерінің айтуынша, кесек сом алтын Ресей Алмаз қорының коллекциясын толықтырмақ.