Хабаровск өлкесінде Амур жолбарыстарының санын есептеу көзделіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы қыста Хабаровск өлкесінде Амур жолбарыстарының саны есептеледі. Алдыңғы есеп осыдан он жыл бұрын жүргізілген, деп хабарлады бейсенбі күні өлкелік үкімет сайтында.

Амур жолбарысы - ғаламшарда сирек кездесетін жыртқыш аңдардың бірі. Ол Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Бүгінгі таңда бұл өңірде 70-80-ге жуық жолбарыс мекен етеді.

«2014-2015 жылдардағы қысқы кезеңде Хабаровск өлкесі аумағында жолбарыстардың санағы жүргізіледі. Бұл тағы аң санын ауқымды зерттеу 10 жыл сайын жүргізіледі», деп хабарланған сайтта. Амур жолбарыстарын есептеу орманда тұрақты қар жамылғысы пайда болған кезде басталады.

Жолбарыстар санын анықтау шарасы 2015 жылдың ақпанына дейін созылмақ.